Валюта болжамы: 26 ақпан – 2 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 ақпан – 2 наурыз).

 

Теңге үшін өтіп бара жатқан аптадағы маңызды оқиғаның бірі – бейсенбі күні ұйымдастырылған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің дәстүрлі онлайн-конференциясы. Онлайн-конференцияда банк төрағасы елдегі экономикалық жағдайға қатысты өз ойларын ортаға салды. Данияр Ақышевтің оптимистік ойлары мен көзқарасы валюта нарығын бір серпілтіп тастағаны анық. «Альпари», «Wall Street Invest Partners» және IFC Markets компанияларының сарапшылары бұл жағдайға айырықша тоқталып, өз  пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар  АҚШ экономикасы бұл жолы да сарапшылардың назарынан тыс қалмады. «ФИНАМ» және «Wall Street Invest Partners» компанияларының сарапшылары елдегі ақша-несие саясатының одан әрі қатаңдатылуы турасында сөз саптады.  

Сарапшылар валюта нарығына әсер етуші дәстүрлі триггер – энергия тасымалдаушылар нарығын да назардан тыс қалдырған жоқ. Бұл ретте олардың мұнайдың болашақтағы бағасы туралы пікірлері қақ жарылып тұр. «Wall Street Invest Partners» және «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының өкілдері мұнай бағасы айтарлықтай тұрақты болады десе, Gerchik&Co компаниясының сарапшысы «қара алтынның» бағасы өзгереді деген пікірді ұстанып отыр.

Сарапшылар ресей рубліне қатысты екі негізгі факторды атады. Біріншіден, ресейлік валютаның динамикасына S&P агенттігінің рейтингі әсер етпек. Агенттік Ресей Федерациясының несиелік рейтингін көтереді деп күтілуде. Бұл жағдайға «Аналитика онлайн Қазақстан», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және IFC Markets компанияларының өкілдері арнайы тоқталып өткен екен. Екіншіден, рубльдің динамикасына кезекті салықтық кезеңнің басталуы әсер етпек («Аналитика онлайн Қазақстан» және«Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ өкілдері осындай пікірде). Сондай-ақ, «Wall Street Invest Partners» өкілі АҚШ тарапынан Ресейге қарсы жаңа санкция енгізілуі мүмкін дейді.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:

26 ақпан – 2 наурыз

Қазақстанда Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің қатысуымен онлайн-конференция өтті. Конференция барысында банк төрағасы 2018 жылға деген болжамын жасады. Оның айтуынша, биылғы жыл валюта нарығы мен Қазақстан экономикасы үшін тыныш және тәуекелдерден ада жыл болмақ. Банк төрағасының пікірінше, теңгенің айырбас бағамында күрт құбылу болмайды. Ол доллардың бағамы 400 теңгеге дейін шарықтап кетуі мүмкін деген жағымсыз болжамға күмәнмен қарайтынын ашық айтты. Данияр Ақышевтің бұл сөзі валюта нарығын бір серпілтіп тастағаны анық. 

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір долларға 318-321  теңге деңгейінде, ал рубльге қатысты бағам 5,63-5,68 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Сәрсенбі күні АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің хаттамасы жарияланды. Онда реттеуші ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға оқталып отырғанын білдірді. 

S&P500 нарық индексі кезекті мәрте 2750 деңгейін бағындыра алмады. Осылайша ол 0,55%-ға төмендеп, 2701,33 деңгейінде жабылды.

Өз кезегінде  сауда сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигациялары 2,94%-ды құрады. АҚШ-тың қаржы министрлігі шығарылымдарының жалғасуы аясында осындай нәтиже көрсетті. Ондағы бағалы қағаздарды ұсыну көлемі осы аптаның соңына дейін 258 млрд долларды құрайды.  

Өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша мұнай бағасы нөлдік динамика көрсетті. АРІ ұсынған деректерден кейін баға 65,07 доллар деңгейінде жабылды. АРІ деректеріне сүйенсек, шикі мұнайдың қоры тәулігіне 900 мың баррельге дейін төмендеген. Бұл мұнай қоры 1,79 млн баррельге өседі деген сарапшылардың болжамынан артық болып шықты.  

Ағымдағы жағдайды Brent үшін жергілікті қолдау мәні 64,15 долларды және 63долларды құрады. Ал қарсы мән тиісінше 65,85 доллар және 66,80 доллар болып қалыптасты.

Біздің болжамға сәйкес, келер аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы мынадай болмақ: рубль – 5,6-5,8 теңге, доллар – 319-321 теңге, еуро – 398-402 теңге.

Ілияс Басшығұл, WallStreetInvestPartners» компаниясының жетекші сарапшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Теңге жұрт ойлағаннан да мықтырақ. Алдын ала күтілгендей, өткен аптада қаржы саласында анау айтқандай маңызды оқиғалар орын алған жоқ. Бұл өз кезегінде ұлттық валютаның айтарлықтай өзгеріске ұшыраудан сақтады.

Алға ілгерілеудің жоқтығынан, америкалық доллар қазір инвесторлар үшін қызығушылық тудырып отырған жоқ. АҚШ-тың инфляция туралы деректерінің жариялануына қарамастан, доллардың индексі баяу, бірақ дұрыс бағытта өсіп келеді. Федералды қор жүйесі (ФҚЖ) басшылығының болжамынша, 2017 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда АҚШ экономикасы қазір әлдеқайда мықты. Бұған америкалық реттеушінің қаңтардағы отырысының хаттамасы дәлел бола алады. «Көлеңкелі инфляция нарықтарда дүрбелең тудырған шығар, бәлкім. Алайда ФҚЖ басшылығын қорқыта алмағанға ұқсайды», – дейді E-Trade инвестициялық стратегиясының вице-президенті Майк Лоуэнгарт. 

ФҚЖ шенеуніктері АҚШ экономикасының қазіргі жағдайына қатысты оптимистік қөзқарас танытып отыр. ФҚЖ-ның банк секторын қадағалау жөніндегі басшысының орынбасары Рэндал Куорлздің пікірінше, Америка экономикасы жақсы динамика көрсетуде және қазіргі уақытта дағдарыстан кейінгі кезең үшін әлдеқайда жақсы жағдайда тұр. Тіпті  кейбір көрсеткіштер бойынша дағдарысқа дейінгі жағдайдан да әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетуде. Еңбек нарығындағы қолайлы көрсеткіштері және инфляцияның төмендігі жағдайында ФҚЖ-ның жұмысы ақша саясатын одан әрі біртіндеп қалпына келтіруге бағытталмақ. 

Тұтынушылық инфляциясының шамалы өсуіне байланысты ФҚЖ пайыздық мөлшерлеменің біртіндеп өсуін реттеуге уәде беріп отыр. 2017 жылдың желтоқсан айында отырыстың қорытындысы экономикалық болжамдармен және «нүтелік графикамен» (dot plot) қатар өрілгенде, Федералды қор жүйесі 2018 жылы пайыздық мөлшерлеме үш рет өседі деп болжам жасаған еді. Қаңтардағы отырыстың хаттамасында бірде-бір қатысушының мөлшерлемені көп көлемде көтеру туралы ұсыныс білдіргені айтылмаған.

Осыған қарап-ақ, FOMC басшыларының басым көпшілігінің биыл 2%-дық мақсатты деңгейге жетуді көздеп отырғанын аңғаруға болады. Нарық қатысушыларының басым көпшілігінің болжамынша, ФҚЖ-ның наурыз айындағы отырысында пайыздық мөлшерлемелер көтерілмек.

2018 жылдың 22 ақпанында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің дәстүрлі онлайн-конференциясы ұйымдастырылды. Оның айтуынша, қаңтар айында жылдық инфляцияның төмендеуі өз жалғасын тапты. Дәлірек айтқанда, жылдық инфляция 6,8%-ға дейін төмендеді. Демек, инфляцияның көрсеткіші 2018 жылы бекітілген жаңа дәлізге (5-7%) сәйкес қалыптасуда. Қаңтар айының қорытындысы бойыншаалдағы жылға арналғанинфляциялық болжамдардың сандық бағалауы 6,6%-ды құрады және инфляцияның нақты шамасына сәйкес деңгейде белгіленіп отыр. Қазақстан экономикасының әлеуетіне Ұлттық банктің алтын-валюта қорының өсуі де ықпал етері анық. Алтын-валюта қоры қаңтар айында 3,2%-ға, яғни 31,7 млрд долларға дейін өсті. Ал шетелдік валютадағы Ұлттық қордың активтері 58,3 млрд долларды құрады. Осылайша, елдің жалпы халықаралық қорлары 90,1 млрд долларға тең болды. Бұл Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің шамамен 57%-ын құрайды. Ел экономикасының жақсы деңгейге көтерілуі қаңтар айының ортасында Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Яғни, базалық мөлшерлеме енгізілген сәттен бастап тұңғыш рет оның мәні бір мәндік шамаға дейін төмендеді.

Алдағы аптада теңге бағамында айтарлықтай өзгеріс болады деп болжанып отырған жоқ. Бағамға тек қана сыртқы факторлар ғана әсер етуі мүмкін. АҚШ-тағы мұнай қорлары азайса да, «қара алтын» бағасының барреліне 64,50-65,40 доллар көлемінде тұрақты сақталуы мұнай нарығындағы жағдайдың бір қалыпты екендігін айғақтайды. Сондықтан теңге долларға қатысты бағамын нығайта бермек. Біздің болжам: келер аптада бір доллар 319-325 теңге деңгейінде қалыптасады.

Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы өзгеруі мүмкін. Себебі, америкалық сайлауға араласқаны үшін және өткен жылғы кибершабуылдарға жауап ретінде АҚШ тарапынан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін. Десе де, бұл жерде де күрт өзгерістерге жол берілмеуі де мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамы рубліне 5,60-5,70 теңге дәлізінде орын алады деген ойдамыз. 

Сергей Полыгалов, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Өткен аптада америкалық валютаның түзетілуіне қарамастан, теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі байқалған жоқ. Сондықтан  қазақстандық валютаның тұрақтылық тенденциясы жалғаса беруі мүмкін.

Теңгеге бағасы қайтадан көтеріле бастаған мұнай мен ресей рублі қолдау көрсетуде. Ресей валютасының долларға қатысты бағамы да тұрақтылығын сақтауда.      

Мұнай бағасының өсуі жалғасуда. «Қара алтын» құнының өсуіне негіз болған факторлардың ішінен ОПЕК+  келісімі аясында мұнай өндіруді азайту жөніндегі комитеттің жаңа мәлімдемесін бөле-жара атап өтуге болады. Онда 2018 жылдың қаңтарында тиісті мәміле артығымен орындалып, 133%-ды құрағаны айтылған (Салыстыру үшін: желтоқсан айында бұл көрсеткіш 129%-ды құрады). Сондай-ақ  Картел төрағасының «ОПЕК мұнайдың артықшылығынан гөрі,  ұсыныс тапшылығына көбірек алаңдайды» деген пікірі жарияланды. Бұған қоса Сауд Арабиясы келер айда тәулігіне 7 млн баррельден астам мұнай экспорттау және ақпан айымен салыстырғанда өндіріс көлемін 100 мың баррельге азайту туралы шешім қабылдады. Қосымша драйвер ретінде Таяу Шығыстағы, әсіресе  Сирия мен Израиль шекарасындағы шиеленістің артуын атауға болады. Сирия да, Израиль де мұнай нарығының маңызды ойыншылары емес.  Десе де аталған жағдай өңірдегі мұнай саласына кері әсерін тигізуі ықтимал. Яғни  шиеленістің артуы «қара алтын» бағасының артуына септеспек.

Мұнай бағасына қарсы фактор – АҚШ-тағы мұнай өндірісінің ұлғаюы. Мұнай тәулігіне 10,27 млн баррель межесін бағындырып, өндіріс көлемі бойынша екінші орынға көтерілді.

Алайда мұнай нарығы әзірше бұл факторға иек артып отырған жоқ. Оның үстіне API-дің соңғы деректері бойынша «қара алтын» қоры 0,9 млн баррельге азайған.

Мұнай бағасы 65 доллар деңгейінде қала беруі мүмкін. Бұл жағдай нарық қатысушыларының басым көпшілігін, сондай-ақ біздің ұлттық валютаны да қанағаттандырары даусыз. 

Ресейлік валюта АҚШ долларының халықаралық нарықта өсім көрсетуін елеп отырған жоқ және долларына 56,00-56,60 рубль деңгейінде саудалануын жалғастыруда.

Рубльге РФ борыштық қағаздарының тартымдылығы қолдау көрсетуде. Сонымен қатар  экспортерлердің белсенділігі оң әсер етуде. S&P рейтингтік агенттігі РФ-ның тәуелсіз рейтингін көтеруі бек мүмкін. Бұл да ресейлік рубль үшін қосымша күш болмақ.

Түйіндей келе айтарымыз, мұнай барреліне 64,70-66,00 доллар деңгейінде сатылатын болады. USD/RUB жұбы долларына 56 және 57 рубль аралығында сақталуын жалғастыра береді. RUB/KZT жұбы рубліне 5,65-5,75 теңге дәлізінде, ал USD/KZT жұбы долларына 318-324 теңге деңгейінде саудаланады деген ойдамыз.    

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Қазақстандық теңгенің бағамы америкалық доллардың жалпы нығаюын әзірше елеп отырған жоқ. Доллардың индексі 2%-ға көтеріліп, 90 пункттен жоғары орналасты. Бұл АҚШ-тың қазынашылық облигацияларының кірістілігінің өсуімен туындаған әлемдік нарықтағы жалпы тұрақсыздыққа байланысты. Американдық қарыздың динамикасы көптеген инвестор үшін айтарлықтай алаңдаушылық тудырып отыр. Осылайша инвесторлардың жүйкесі жұқарып, акциялары мен басқа да активтерін, оның ішінде шикізатты да сата бастайды. Себебі мемлекеттік облигациялардың кірістілігінің одан әрі өсуі АҚШ-тағы экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Ал бұл жағдай америкалық компаниялардың пайдасына әсер етеді. Әзірше дамушы нарықтар мұндай проблемалардан әлдеқайда алыс жатыр. Десе де дамыған нарықтардағы проблемалар одан әрі күрделене берсе, бұл жағдай emerging markets-ті айналып өтпесі анық. Сондықтан жуық арада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы төмендей бастайды. Атап айтқанда, KZT\USD жұбы 330 деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамы әлдеқайда тұрақты болмақ. Себебі бұл валюталардың долларға қатысты бағамы төмендейді. EUR\KZT жұбы 390-405 теңге деңгейінде, ал рубль 5,6-5,8 теңге дәлізінде қала бермек.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

26 ақпан – 2 наурыз

Бұл аптада EUR/USD жұбы 1,2300 деңгейін сенімді түрде жеңе алмады. Сондықтан келер аптада 1,2270 деңгейіне дейін, одан ары қарай 1,2200 деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда теңгенің АҚШ долларының қатысты бағамы 319-324 деңгейінде құбылуы ықтимал. Ал ресейлік рубльге қатысты қозғалыс  5,62-5,68 дәлізінде орын алады деген болжам бар. Бұған мұнай бағасының барреліне 62,5 доллар деңгейіне дейін төмендеуі әсер етуі мүмкін.       

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Ресей рублі апта бойы әртүрлі бағытта саудаланды және аптаны оң көрсеткішпен түйіндеді. Бұған мұнай бағасының тұрақтылығы және шамалы өсім көрсетуі, сондай-ақ АҚШ долларының әлсіреуі әсер етті.

Алдағы аптада ресей рубліне салықтың кезеңнің басталуы қолдау көрсетуі мүмкін. Оның үстіне нарық қатысушылары РФ-ның несиелік рейтингі көрсетіледі деген сенімде. Бұл жағдай да ресейлік валютаға қосымша күш берері анық. 

Қазақстандық теңге ресейлік рубльдің толқынымен үндесіп, апта бойы әртүрлі бағытта саудаланды.

Өткен аптада мұнай бағасы АҚШ долларының құлдырауына және АҚШ энергетика министрлігінің деректеріне байланысты шамалы өсім көрсетті. Бұл жағдай күтпеген жерден мұнай қорларының төмендеуіне алып келді.

Биткоин өткен аптада 10 мың доллардан төмен құлдырап, криптовалюта нарығын тас-талқан етті. Биткоинмен сауда жасау әлі де болса қауіптілігі жоғары алыпсатарлық деңгейде қалып отыр. Егер жақын уақытта биткоин бағамы толыққанды өсім көрсетпесе, криптовалюта 20 мың  доллардан жоғары болады деген сарапшылардың болжамы бос сөз болып шықпақ. 

Келесі аптаға арналған болжам мынадай: АҚШ доллары – 56-57,5 рубль, АҚШ доллары – 317-322 теңге, ресей рублі – 5,6-5,75  теңге, Brent сұрыпты мұнайдың баррелі – 64-69 АҚШ доллары, биткоин – 7000-12000 АҚШ доллары.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:

26 ақпан – 2 наурыз

Өткен аптада қазақстандық валютаның америкалық доллар қатысты бағамының нығаюы тоқтап қалды. Осылайша  ол мұнай бағасы өсімінің жалғасуын елеген жоқ. Менің ойымша, бұған АҚШ долларының әлемнің негізгі валюталарына қатысты бағамының айтарлықтай күшеюі әсер етті. Brent сұрыпты мұнайдың бағасы апта ішінде 1,3%-ға қымбаттады. Ал АҚШ долларының индексі 0,9%-ға өсті. Теңгенің тұрақтылығына ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің 2018 жылы валюта бағамында күрт құбылулар болмайды деген пікірінің де әсері болуы мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамының әлсіреуі байқалды. Себебі S&P агенттігі РФ-ның несиелік рейтингін көтеруі мүмкін. Осыдан соң ресейлік рубль біршама нығая түсті. Біздің болжам мынадай: рубль – 5,6-5,8 теңге, доллар – 314-324 теңге.

26 ақпан – 2 наурыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу